$541.34 €640.73 ₽6.53
×

«Таза бейсенбі»: Ел азаматтары игі іс төңірегінде топтасты

«Таза бейсенбі»: Ел азаматтары игі іс төңірегінде топтасты

«AMANAT» партиясының «Таза бейсенбі»экологиялық акциясы ел аумағында лайықты жалғасын тауып келеді. Игі іс-шара аясында қоршаған ортаның тазалығына баса мән берілім, азаматтардың бойында экологиялық мәдениет қалыптастыру бағытында ауқымды жұмыс атқарылуда.

Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Мамлютка қаласында «Таза бейсенбі» акциясына қатысушылар аудан орталығында тұратын зейнеткерге көмек көрсетіп, ауласын қардан тазартты. Ауладағы және үйдің кіреберісіндегі қалың қарды өз бетінше тазалауқария үшін қиынға соққан еді. Осыған байланысты, «AMANAT» партиясының белсенділері қол ұшын созып, тұрғын үй маңындағы аумақты ретке келтірді.

«Таза бейсенбі» акциясы – бұл тек көше тазалығы ғана емес, адамдарға деген қамқорлық. Қыс мезгілінде ауа райы қосымша қиындықтар туғызады. Сондықтан қарт адамдарға әркезқолдау көрсетіп тұру қажет», – деді «AMANAT» партиясы Мамлют аудандық филиалының атқарушы хатшысы Алтын Сағитова.

Аталған акция өңірдегі өзге елді мекендерде детұрақты түрде өткізіліп келеді. Партияластар аймақтың санитарлық жағдайын жақсарту, сондай-ақ қар тазалау жұмыстарына күш салуда. 

Ал  Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданына қарасты Тасқала ауылында осы дәстүрлі акцияаясында «Азалы ана» ескерткіші маңында тазалық жұмысы жүргізілді. Игі бастамаға «Тасқала» және «Білім» бастауыш партия ұйымының мүшелері, ауылдағы түрлі мекеме қызметкерлері, мектеп ұжымы, аудандық бөлім қызметкерлері жұмылды.

«Қар тазалау жұмысы аудан орталығында, ауылдық жерлерде үнемі жүргізіледі. Қыс мезгілінде «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында жалғызбасты қариялардың аулаларын тазалау жұмысына жұмыламыз. Бүгінтазалық жұмысына бір кісідей атсалысқан ауыл тұрғындарына ризашылығымызды білдіреміз», –деді  «AMANAT» партиясы Тасқала аудандық филиалының төрағасы Люция Жұбанышқалиева.

Осы орайда, Алматы қаласы Түрксіб ауданында «AMANAT» партиясының өкілдері, сондай-ақ Алматы телекоммуникациялар және машина жасау колледжінің студенттері зейнеткердің үйіне іргелес аумақты тазалады. Осылайша олар қоршаған ортаның тазалығына үлес қосып қана қоймай, аға буынға қамқорлық танытты. Акцияға қатысушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар азаматтар арасында жауапкершілік пен жанашырлық сынды асыл қасиеттерді дәріптеуге мүмкіндік береді.

«Таза бейсенбі» акциясы аясында экологиялық мәдениет қалыптастырып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді көздейміз. Осындай бастамалар арқылы қоғамдағы өзара қолдау мен береке-бірлікті нығайтамыз», – деді Түрксіб аудандықАрдагерлер кеңесінің төрағасы Ғалия Байгутдинова.

Бұл ретте, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы «Таза бейсенбі» экологиялық акциясын Шымкент қаласы Еңбекші ауданындаөткізді. Оған партияның қалалық және аудандық филиалдарының қызметкерлері, «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері, коммуналдық сала мамандары және қала тұрғындары атсалысты. Іс-шараға жалпы 80-ге жуық азамат қатысты. Олар көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын тұрмыстық қалдықтардан тазалап, аумақтың санитарлық жағдайын жақсартуға үлес қосты. Нәтижесінде тұрғындар үшін жайлы әрі таза орта қалыптасты.

Іс-шара барысында «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысовэкологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңызына тоқталды. Оның айтуынша, «Таза бейсенбі» – қоғамдық санаға әсер ететін маңызды бастама.

«Бұл акцияны бір реттік тазалық іс-шарасы ретінде ғана қарастыруға болмайды. Мұндай іс-шаралар арқылы біз жастарға туған жерге сүйіспеншілік танытуды, табиғатқа жауапкершілікпен қарауды үйретеміз. Таза қала –саналы қоғамның айнасы», – деді Ербол Байқонысов.

Қарағанды облысында «Таза бейсенбі» акция асында «AMANAT» партиясы Саран қалалық филиалы Саран техникалық колледжіндегіпартияластармен, «Жастар Рухы» жастар қанатының өкілдерімен бірге осы оқу орнының аумағын тазалады. Акцияға шамамен 150 адам атсалысты. Осылайша, қар тазаланып, футбол алаңы, кіреберіс жолдар мен оған іргелес аумақтар ретке келтірілді.

«Осындай экологиялық бастамаларға қатысу –азаматтық жауапкершіліктің ажырамас бөлігі. Тазалық жұмысы қоршаған ортаға және туған жерге ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді», – деді «Парасат» бастауыш партия ұйымының төрағасы Айдана Битуова.

Абай облысында «AMANAT» партиясы Курчатов қалалық филиалы «Таза бейсенбі» экологиялық акциясын ұйымдастырып, оған қалалық мәслихат депутаттары, партия белсенділері және қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Олар Абай скверінің аумағында қартазалап, 1700 шаршы метр аумақты ретке келтірді.

«Кейде коммуналдық қызметтер барлық ауланы бір мезгілде тазалап үлгермейді. Осындай сәттерде партия мүшелері бейжай қалмай, қолдау көрсетеді. Осылайша, қоғамдағы бірлік пен ынтымақ та нығая түседі. Сондай-ақ«Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында қариялардың үйіне барып, көмеккөрсетіледі. Бұл – үлкенге деген құрметтің, өзара жанашырлық пен жауапкершіліктің айқын көрінісі», – деді мәслихат депутаты Анар Кеңес.

Ұлытау облысы Сәтбаев қаласында «Емхана» бастауыш партия ұйымының мүшелері «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы аясында қалалық орталық аурухана айналасын сыпырды. Сондай-ақ олар келушілерге қолайсыздық туғызған кіреберістегі, жолдағы мұздарды ойып, құм-топырақ төседі.

«Аурухана ұжымы дәстүрлі «Таза бейсенбі» акциясын жиі ұйымдастырып тұрады. Бүгін ауруханаға келушілер мұзға тайып, құлап қала жаздағанын көрдік. Бірден құм-топырақ алдыртып, осы қолайсыздықтардың алдын алып жатырмыз», – деді аурухана директоры, қалалық мәслихат депутаты Шолпан Мұхамедгалиева. 

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласында«Таза бейсенбі» экологиялық акциясы аясында«Таза болса табиғат – аман болар адамзат» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Зайсан технология колледжіндегі студенттер арасындаөткізілген іс-шараға «AMANAT» партиясы Зайсан аудандық филиалының төрағасы Болатбек Балғабаев және осы филиалға қарасты партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Райса Шотаевақатысып, жастарға экологиялық мәдениеттің мәні мен маңызын түсіндірді.