$541.34 €640.73 ₽6.53
×

«Наурыз» бағдарламалары бойынша 200 млрд теңгеден астам қаржы жеңілдетілген ипотекаға бағытталды

«Наурыз» бағдарламалары бойынша 200 млрд теңгеден астам қаржы жеңілдетілген ипотекаға бағытталды

Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 7,2 мыңға жуық пәтер сатып алынды, ал «Наурыз» және «Наурыз Жұмыскер» бағдарламалары аясында 205,7 млрд теңге көлемінде қарыздар берілді. Үкіметтің жыл қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов тұрғын үй саласында мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру қорытындылары туралы баяндады.

Спикер кезекте тұрғандарды есепке алу тетіктерін «Отбасы банкіне» беру процесті ашық етуге мүмкіндік бергенін атап өтті. Қазіргі уақытта кезекте 960 мыңнан астам азамат тұр.
 

«Мемлекет тұрғын үйді жалға беру ісін субсидиялауды жалғастыруда, аталған шараны 11 мыңнан астам азамат пайдаланды, оған бюджеттен 7,6 млрд теңге бөлінді. Сонымен қатар жылдық мөлшерлеме 2% және 5%-бен 4,9 мың жеңілдетілген қарыз берілді», — деді Қуандық Қажкенов.