$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Биыл Астанада 800-ден астам экологиялық шара өтті

19.12.2025ж. 13:39
Биыл Астанада 800-ден астам экологиялық шара өтті
Фото: қала әкімдігі

Жыл бойы Астанада 800-ден астам экологиялық іс-шара өтіп, оған 627 мыңнан астам қала тұрғыны қатысты. 

«Шамамен 120 мың тонна қоқыс шығарылды. Арнайы назар су нысандарын қалпына келтіру мен тазалауға аударылды. Нәтижесінде Есіл өзені, Нұра-Есіл, Ақбұлақ және Сарыбұлақ каналдары, сондай-ақ кіші Талдыкөл жүйесі биомелиоративтік технологияларды қолдану арқылы тазартылды. Су акваторияларынан 3 мың тоннадан астам қалдық шығарылды», - делінген қала әкімдігі таратқан хабарламада.

Қаланың жасыл желектерін көбейту аясында биыл 1,1 миллионнан астам жасыл желек отырғызылған. Ал «Таза Қазақстан» чат-боты іске қосылғаннан бері шамамен 3 600 өтініш түскен, оның 89%-ы орындалған.