2025 жылғы 19 желтоқсан сағат 09:30-дағы жағдай бойынша ауа райының бұзылуына байланысты 4 облыстағы 6 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды:
Ақтөбе облысы:
- «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Хоргос – ҚХР шекарасы» автожолының 1153–1240 шақырым арылығы (Ырғыз ауылы – Қызылорда облысының шекарасы);
- «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 776-1153 шақырым аралығы (ЭКО ойл жанармай стансасы – Ырғыз ауылы);
- «Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» автожолының 0-234 шақырым аралығы (Қарабұтық елді мекенінен Қостанай облысының шекарасына дейін).
Қостанай облысы:
- «Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» автомобиль жолының 234-385 шақырым аралығы Ақтөбе облысы шекарасынан Денисовка елді мекеніне дейін..
Қызылорда облысы:
- «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 1240-1362 шақырым аралығы (Ақтөбе облысы шекарасы – Арал қаласы).
Маңғыстау облысы:
- «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сайөтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау» 332-632 автожолының шақырым аралығы (Бейнеу елді мекенінен Шетпе елді мекеніне дейін).
Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 803 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.