Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мен БҰҰ университеті меморандумға қол қойды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев пен БҰҰ Бас хатшысының орынбасары - университет ректоры Чилидзи Марвала Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі және Біріккен Ұлттар Ұйымы университеті арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды,-делінген хабарламада.