$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Премьер-министр «Жасыл экономикаға» өтуді жеделдетуді тапсырды

Премьер-министр «Жасыл экономикаға» өтуді жеделдетуді тапсырды

Павлодар облысы мен Алматы қаласында ауаның ластану көрсеткіші  жоғары.  Ал барлық ластаушы заттардың 39 проценті – энергетика саласының үлесінде. Премьер -министрдің төрағалығымен «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Жиынға экологиялық қауымдастық өкілдері қатысып, сұрақтарын қойып, өз ұсыныстарын да айтты. Жиын қорытындысы бойынша, Олжас Бектенов салалық министрліктер мен, өңір әкімдеріне «Таза көмір» технологиясына жедел көшуге тапсырма берді. Одан бөлек, барлық қалдықтарды қайта өңдеу қажеттілігіне баса назар аударды.

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Мемлекет басшысы еліміздегі экологиялық жағдайды жақсарту бойынша міндеттер қойды. Біз "Жасыл экономикаға" көшу тұжырымдамасын дәйекті түрде жүзеге асырып келеміз, онда ауаның ластануын азайту және өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу бойынша негізгі индикаторлар айқындалған. Оларға қол жеткізу – барлық жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тікелей міндеті. Өз кезегінде кәсіпорындар қоршаған ортаға эмиссияларды қысқартуды және күл-қоқыс қалдықтарын қайта өңдеуді қамтамасыз етуі қажет.