$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Парламентаризм институтының құрылғанына бес жыл толуына арналған Еуразиялық форум өтті

Парламентаризм институтының құрылғанына бес жыл толуына арналған Еуразиялық форум өтті

Астанада Парламентаризм институтының құрылғанына бес жыл толуына арналған Еуразиялық форум өтті. Жиынға Орталық Азия елдері, Ресей мен Беларусьтен келген сарапшылар да қатысты. Басқосуда Парламент институтын дамытудың құқықтық негіздері мен болашақ келбеті талқыланды.

АҚБОТА БАЗАРБАЙ, ТІЛШІ:

Парламентаризм институты бес жыл бұрын құрылғанда, оның басты мақсаты - заң шығару процесін ғылыми тұрғыда сүйемелдеу еді. Бүгінде бұл институт тек сараптама жасайтын орталық қана емес, парламент пен қоғам арасындағы байланысты күшейтетін маңызды алаңға айналды. Осы форумда сарапшылар өткен бес жылдағы тәжірибені қорытындылап қана қоймай, Қазақстандағы парламенттік жүйенің алдағы даму бағытын да айқындады. Ашықтық, есептілік және кәсібилік - талқылаудың өзегіне айналған негізгі ұғымдар.

Парламентаризм институтының қатысуымен бес жылда жүзден астам заң жобасы дайындалды. Оның бірқатары бүгінде қолданысқа енген. Сарапшылардың айтуынша, бұл заңдар қоғам сұранысын ескеріп, ғылыми негізде әзірленген.

БЕРІК БЕКЖАНОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Осы 5 жылдың ішінде170 заң жобалары Парламент институтымен дайындалды. Яғни олардың ішінде қазір күшіне еніп, қолданыста болып жатқан заңдар да жетерлік. Бұдан басқа жалпы институт бүгінгі таңда осы заң жобаларын дайындауда ашықтықты негізге алған ұйым деп айтуға болады. Себебі әр заң жобасын дайындау барысында біз мынау сарапшыларды жиірек қатыстырып, сараптамалық алаңға айналдық деп айтуға толық негіз бар.

Заң шығару процесіне ғылыми қауымдастықты тартудың маңыздылығы  ерекше. Институт ғалымдар мен тәжірибелі мамандардың әлеуетін пайдалана отырып, депутаттарға сапалы сараптамалық қолдау көрсетіп келеді. Бұл өз кезегінде қабылданатын заңдардың сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

ЕРМЕК АБДРАСУЛОВ, ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:

Ең алдымен, әрине, депутаттарға келудің алдында осы ішінде сараптамалар жасайды. Оның ішінде ғалымдар бар, институттың ішінде көп-көп мамандар бар. Әрине, заң дұрыс болу керек, қалай реттелу керек. Соған өзінің осы институт өзінің үлесін зор қосып жатыр деп санаймын.

Парламентаризм институтының алдағы кезеңдегі басты міндеттері - заң шығару процесінің ашықтығын арттыру, халықаралық тәжірибені енгізу және парламент пен қоғам арасындағы диалогты одан әрі нығайту. Сарапшылардың пікірінше, бұл бағыттағы жұмыс Қазақстандағы парламенттік жүйенің дамуына оң ықпал етеді.