$541.34 €640.73 ₽6.53
×

«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында Жамбыл облысында спорт кешені ашылды

AstanaTV
19.12.2025ж. 19:00
«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында Жамбыл облысында спорт кешені ашылды

«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында Жамбыл облысында спорт кешені ашылды. Байзақ ауданы орталығында бой көтерген  дене шынықтыру-сауықтыру кешені бұқаралық спорттың дамуына үлкен септігін тигізбек. Ел игілігіне берілген спорттық нысан заманауи талаптарға сай келеді,  футбол, волейбол, баскетбол  және үстел теннисімен айналысуына жағдай жасалған. Аудан орталығы ұлғайып, жаңа алқаптар салынғалы тұрғындардың саны артқан. Сондықтан Сарыкемер ауылында салынған жаңа спорттық нысан азаматтардың денсаулығын жақсартуға және жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік береді.     

БАҚТИЯР АҚБАЕВ, АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT»ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау мақсатында street workout алаңдары ашылған. Кіші футбол алаңдары бар. Соның нәтижесінде Байзақ ауданында қазіргі таңда бұқаралық спортпен айналысудың көрсеткіші 42 пайызға жетіп отыр.