$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қазақстанда 15 мыңнан астам ерекше бала жүріп, сөйлей бастады

19.12.2025ж. 17:38
Қазақстанда 15 мыңнан астам ерекше бала жүріп, сөйлей бастады

Бұл - еліміз бойынша ашылған «Қамқорлық» оңалту орталықтарының нақты жетістігі

Мамандар мен заманауи құрал-жабдықтардың арқасында бес жыл ішінде түрлі диагноздағы 6,3 мың бала жүріп кетсе, 8,6 мың бала алғаш рет сөйлей бастаған. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» қорының бірыңғай қайырымдылық операторы «Samruk-Kazyna Trust» қорының «Қайырымдылық. Сенім. Серіктестік» атты қоғам алдындағы есеп беру шарасында айтылды.

2020 жылдан бері Қор серіктестерімен бірлесе еліміздің барлық өңірінде 55 оңалту орталығын ашқан. Соның ішінде 5-уі аралас үлгідегі «Ainala» орталықтары.  

Бүгінде бұл орталықтар жыл сайын 30 мыңға жуық балаға тегін көмек көрсетеді.