Мемлекетке қайтарған активтер есебінен қаржыландырылатын ауқымды су құбыры желілерінің құрылысы белсенді түрде жалғасуда
Халықты таза сумен қамтамасыз етуге бағытталған бұл әлеуметтік маңызы бар жоба іске асырудың соңғы сатысында тұр. Тобыл қаласының, сондай-ақ Заречное және Лиманное ауылдарының тұрғындары сапалы ауыз сумен толық қамтамасыз етіледі. Салынып жатқан су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 157 км құрайды.Жобаны іске асыру нәтижесінде ауданның 4000-ға жуық тұрғыны орталықтандырылған сумен қамтамасыз етіледі. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын ағымдағы жылы аяқтау жоспарлануда.
Қостанай облысында қайтарылған активтер есебінен барлығы 25 әлеуметтік нысан іске асырылуда.Оның ішінде 19 жоба халықты орталықтандырылған сумен жабдықтауға тұрақты және жайлы қолжетімділікпен қамтамасыз етуге бағытталған. Жобаны іске асыру барысы Қостанай облысы прокуратурасының тұрақты бақылауында.