$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қонаев қаласында медициналық университет салынады

20.12.2025ж. 07:48
Қонаев қаласында медициналық университет салынады
фото: pixabay

Алматы облысының Қонаев қаласында медициналық университет бой көтермек. Жобаға қатысты барлық құжат дайын.

ЖОО салу үшін Қапшағай су қоймасына жақын аумақтан 100 гектар жер бөлінген. Инвестиция көлемі - 3 млрд АҚШ доллары. Кешеннің жалпы аумағы 1,3 млн шаршы метрден асады.

Құрылыс 5 жылға созылады. Университет жанынан 1000 орындық емхана мен аурухана, ғылыми-зерттеу орталығы, мектеп, балабақша және қонақ үй салынады.

Нәтижесінде 8 мыңнан астам жұмыс орны ашылады деп жоспарланған.