$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Астанада бір мезетте 40-тан астам шыршаның шамы жағылды

19.12.2025ж. 20:02
Астанада бір мезетте 40-тан астам шыршаның шамы жағылды
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Жаңажылдық шыршалар елорданың алты ауданындағы негізгі алаңдарға қойылған. Атап айтқанда, елорданың саябақтары, алаңдары, сауда орталықтары мен жағалаулар безендірілді.

Бұл рәсімді тамашалауға қала тұрғыны көптеп жиналды. Олар мерекелік бағдарламаларды тамашалап, әртүрлі интерактивті іс-шараға қатысты.