$541.34 €640.73 ₽6.53
×

ШҚО-да жүкті әйел тікұшақпен ауруханаға жеткізілді

20.12.2025ж. 20:11
ШҚО-да жүкті әйел тікұшақпен ауруханаға жеткізілді
Фото: ТЖМ

Шығыс Қазақстан облысында жүкті әйел тікұшақпен ауруханаға жеткізілді.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жүкті әйелге шұғыл медициналық көмек көрсету мақсатында ТЖМ-нің санавиациясы іске қосылды.

- «Өскемен-Самар-Өскемен» бағыты бойынша ұшқан Ми-8 тікұшағын Руслан Ағламбеков пен Леонид Калеканов басқарды. Ұшу барысында пациентке қажетті медициналық көмекті санавиация дәрігерлері Марат Көксегенов, Татьяна Сергеева және Рима Меңдібаева көрсетті, - деп хабарлады ведомство өкілдері.