$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Анастасия Городко Франциядағы турнирде 2 алтын медаль жеңіп алды

22.12.2025ж. 08:23
Анастасия Городко Франциядағы турнирде 2 алтын медаль жеңіп алды
Фото: Instagram

Францияның Тинь қаласында фристайл-могулдан FIS Coupe de France de Bosses Tignes жарысы мәресіне жетті.

Ұлттық құрама спортшылары турнир барысында 2 алтын және 2 қола жүлдеге қол жеткізді.

Анастасия Городко кеше және бүгін бас жүлдеге ие болды. Ал Аяулым Әмренова мен Антон Бондарев бүгінгі шешуші жарыста үздік үштікті түйіндеді.

Сондай-ақ Пхёнчхан Олимпиадасының қола жүлдегері Юлия Галышева кеше 4-ші, бүгін 5-сатыдан көрінді.