Шымкент қаласында екі жыл бойы заңсыз құмар ойын ұйымдастырған топтың әрекеті әшкереленді.
“Тергеу мәліметінше, күдіктілер TikTok пен YouTube платформаларында тікелей эфир арқылы «Тринька» деп аталатын онлайн ойынды өткізген. Заңсыз жолмен түскен табысты жасыру үшін үшінші тұлғалардың, яғни «дроптардың» банктік карталары пайдаланылған”- деп мәлімдеді ҚМА.
Алдын ала есеп бойынша, қылмыстық кіріс көлемі 93 миллион теңгеден асқан. Аталған қаражатқа Hyundai Sonata маркалы автокөлік пен тұрғын үйі бар жер телімі сатып алынған.
Қазіргі таңда екі күдіктіге қатысты сот санкциясымен 2 айға қамауға алу бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.