$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Астанадағы барлық автотұрақ қаланың коммуналдық меншігіне өтті

22.12.2025ж. 15:37
Астанадағы барлық автотұрақ қаланың коммуналдық меншігіне өтті
фото: gov.kz

Астанадағы барлық автотұрақ қаланың коммуналдық меншігіне берілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында қала әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.

«Көлік жүйесін дамытудың кешенді бағдарламасында тұрақ саясаты да қарастырылған. Өткен аптада ғана барлық тұрақты қаланың коммуналдық меншігіне өтеусіз беру туралы келісімге қол қойылды. Осы аптадан бастап Астанадағы барлық тұрақ орны коммуналдық қызметке ғана тиесілі, жеке меншікте емес», - деді Қасымбек.