Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

«7 континент» тұрғын үй кешеніне қатысты дау әлі де шешімін таппай тұр

AstanaTV
20.12.2017ж. 20:00
2270
«7 континент» тұрғын үй кешеніне қатысты дау әлі де шешімін таппай тұр

Астанада «7 континент» тұрғын үй кешеніне  қатысты дау әлі де шешімін таппай тұр. Аумағы 1000 шаршы метрді құрайтын жылжымайтын мүлікке талас 2016 жылы басталған еді. «Нұр банк» ресейлік «Русский север» компаниясын «7 континент» кешенін заңсыз жолмен сатып алды деп сотқа берген. Осыған қатысты Астанада кезекті сот отырысы өтті. 


Аталмыш инвестициялық компанияның өкілі Алексей Погребниковтің айтуынша, биыл «ЭКСПО-2017» көрмесіне Қазақстан тарапы оларды инвестор ретінде тартқан. Осыған келісіп, 1000 шаршы метрді құрайтын кеңсеге арналған нысанды сатып алған. Аталмыш келісімшарт жергілікті нотариуста жасалған екен. Алайда, біршама уақыт өткен соң нысанға «Нұрбанк» акционерлік қоғамының да қожайын екендігі анықталған.

Алексей Погребников, «Русский север» компаниясының өкілі:

Біз жылжымайтын мүліктің заңды қожайындарымыз. Ал «Нұр банк» акционерлік қоғамы біздің мүлікке қол сұғып отыр. Бізден өтемақы талап етуде, алайда не үшін екені түсініксіз.