$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Алматыда студент оқытушыға пышақпен шабуыл жасады

Алматыда студент оқытушыға пышақпен шабуыл жасады

Алматыда студент оқытушыға пышақпен шабуыл жасады. Екінші курс студенті әжетханаға кірген мұғалімнің артынан кіріп, мойыны мен бетін жарақаттаған. Мұны байқаған өзге студенттер мен қауіпсіздік қызметі араша түскен.  Оның бұл әрекетке не себепті барғаны белгісіз. Ұстаз бен білім алушы арасында ешқандай байланыс болмаған. Тіпті бұрын соңды дәріс те бермепті. Дәрігерлер тәлімгердің ауыр жарақат алмағанын айтып, үйіне қайтарған. Ал полиция басқармасы  тергеуді бастады.  

САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Аталмыш дерек бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасымен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталуда.