Қорқынышты хабарламадан кейін Қарағанды мектептеріне жаппай күшейтілген күзет қойылды. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде бірқатар білім ошағында оқушыларға қарсы заңсыз әрекеттер ұйымдастырылып жатқаны туралы хабар тараған. Осыдан кейін полиция дереу тексеру жүргізуге кірісті. Тексеріс кезінде балаларға ешқандай қауіп төнбегені анықталды. Дегенмен барлық жалпы білім беретін ұйымдар полицияның бақылауына алынды. Оқу процесі әдеттегідей, балалар мектепте. Қазір аталған ақпаратты таратқандар іздестіріліп жатыр. Тергеп-тексеру аяқталған жоқ.