Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекет басшыларының бейресми кездесуіне қатысты. Бір үстел басына жиналған Мемлекет басшылары өзара ынтымақтастықтың негізгі даму бағдары мен қадамдарын талқылады. Ұйым аясындағы ықпалдастықтың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ барлығы бірге Эрмитажды аралады. Мәртебелі меймандарға музейде экскурсия жүргізілді. Басшылар Александр және 18 ғасырдағы Франция өнері залдарында орналасқан танымал көрмелерді тамашалады. Әсіресе, «Алтын көмбе» бірегей коллекциясындағы бағалы металдардан құйылған археологиялық жәдігерлер, тарихи Пикет және Герб залдарының интерьері ерекше қызығушылық тудырды.