Қызылорда қаласында екі жылда тұрғын үйге мұқтаж 5000 адам баспаналы болды. Жылдан жылға қарқын арта бермек. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев айтты. Республикалық және өңірлік бюджеттен 58 млрд теңгеден астам қаражат бөлініп, 3600-ге жуық жаңа пәтер сатып алынады. Бұл -тек облыс орталығындағы атқарылған жұмыс. Одан бөлек, шалғайдағы аудандарда да бөлек тұрғын үй құрылысы жүргізілуде.
НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
Ерекшелігіміз – ауданда кезекте тұрған жандарға, мұқтаж азаматтарға жаңа үй салып беріп жатырмыз. Екі жыл ішінде, биыл үшінші жыл 1800-дей үй салынып, үйге мұқтаж азаматтарға берілді. Өйткені мұқтаж жандар қалада ғана емес, аудан, ауылдарда да бар.
Қазақстанда тұңғыш толығымен инвесторлардың қаржысына салынған Жылу Электр Станциясы Қызылорда облысында пайдалануға беріледі. 2023 жылы басталған жобаға түркиялық инвесторлар 215 млрд теңге бөлді. Облыстың жылу және электр қуатынан көрген таршылығын түбегейлі шешетін кәсіпорын 2026-ы жылы іске қосылады. Қазірдің өзінде 176 Мегаватт электр энегиясын өндіретін турбогенератор тесттік режимде жұмыс істеп тұр.
НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
203 мегаваты біздің облысқа жетеді толығымен. Қалған 47 Мегаватты басқа облыстарға сатуға мүмкіндік алдық. Бұрын өмір бойы өзге өңірлерге электр энергиясы бойынша тәуелді болып келген өңір, қазір енді артылған қуатты сатуға мүмкіндік алып отыр. Сондықтан, бұл – өте маңызды жоба.