$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Шымкентте екі өндірістік нысан іске қосылды

Шымкентте екі өндірістік нысан іске қосылды

Шымкентте екі өндіріс орны іске қосылды. Оның бірі ел нарығында сұранысы жоғары құрылыс, медицина және аграрлық салаға қажет полипропилен бұйымдарын шығарады. Спанбонд  өнімдерін өңдейтін фабрика «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан. Фабрикада 136 тұрақты жұмыс орны ашылып, өндірістік қуаттылығы жылына 4,8 мың тоннаға дейін тоқылмаған материал шығаруға мүмкіндік бар.

ҚАНАТ СЕЙІТҚҰЛ, ФАБРИКАНЫҢ БАС ИНЖЕНЕРІ:

Бұл мекеме негізі Қазақстан бойынша бірінші рет ашылып жатыр. Бұған дейін дайын өнімнің бәрін көрші Ресей мемлекетінен, одан кейін Қытай мемлекетінен әкелінетін еді. Бұл заттарға сұраныс өте жоғары. 

Екінші өндіріс орны- техникалық металл есіктер шығаратын зауыт. Кәсіпорын еліміздің оңтүстік өңірлерін сапалы құрылыс өнімдерімен қамтамасыз етуге, сондай-ақ, экспорт аясын кеңейтуге бағытталған. «Жаңа кәсіпорындардың іске қосылуы – Шымкенттегі өнеркәсіптің дамуындағы маңызды қадам.», – деп атап өтті қала әкімі Ғабит Сыздықбеков. Кәсіпорын келер жылдан бастап Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдеріне өнім экспорттамақ.  

ЕРМЕК ТҰРМАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИИДБ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бірінші зауыт 4,9 млрд теңге, металл есіктері зауытына 3,7 млрд теңге тартылды. Бұл екі компания да мемлекеттен, банктерден несие алған жоқ. Өз қаражаты есебінен салынған.