Сенат мемлекеттік қызметкерлердің кәсіппен айналысуына рұқсат беретін заң қабылдады. Бұл талап барлық ведомстволық ұйымдардың, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың басшыларына тікелей қатысты. Дегенмен ведомство басшылары кәсіппен айналысса да, жемқорлық үшін мемлекеттік қызметшілермен бірдей жауап береді және қатаң бақылауда болады. Сондай-ақ өздеріне қатысты салада кәсіп істей алмайды.
САЛАУАТ МҮКСІМОВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Олар егер де сол айналысатын кәсіпкерлік қызмет мүдде қақтығысына апармаса, екіншіден өзінің лауазымды қызметін атқаруға қызмет етпесе немесе мемлекеттік мүлікті заңсыз пайдалануға жол бермесе осы үш жағдайда ғана олар жеке кәсіппен айнлаысуға болады, ондай шектеу жоқ.