Биыл ғылымды қаржыландыру 3,3 есе өсті. Бұл 809 ғалымды әлемнің жетекші ғылыми орталықтарына тағылымдамаға жіберуге мүмкіндік берді. Осы жылы, әсіресе, ғылым мен өндірістің байланысына ерекше назар аударылды. Нақты сектормен бірлесіп орындалған жобалардың үлесін 20%-ға жеткізу міндеті қойылды. Қазір ғалымдар ірі кәсіпорындармен тығыз байланыста жұмыс істейді. Нәтижесінде, ірі компаниялардың мамандарымен бірлесіп 10 ғылыми тапсырма бекітілді. Биыл оқу жылында 93 мыңнан астам студент тегін білім алу мүмкіндігіне ие болды. Бұл бұрыңғымен салыстырғанда 50 процентке артық. Гранттан бөлек студенттерге материалдық қолдау күшейді. 2024 жылдың қыркүйегінен бастап бакалавриат студенттерінің шәкіртақысы 20%-ға, ал магистранттар мен докторанттар үшін 15%-ға көтерілді. Қолайлы жағдай жасау мақсатында 2018 жылдан бері бүкіл республика бойынша 62 мың орынға арналған жаңа 251 студенттер үйі салынды.
САЯСАТ НҰРБЕК, ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ:
Президент тапсырмасы бойынша 2027 жылға дейін жыл сайын кемінде 10 мың төсек-орын пайдалануға беріледі. Биыл 10 мыңнан астам төсек-орынға арналған 29 жатақхана іске қосылады, соның нәтижесінде Алматыдан басқа барлық өңірде жатақхана мәселесі шешілді. Сондай-ақ елімізде Student Residence үлгісі бойынша жайлылығы жоғары заманауи жатақханалар салынуда.