$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жазушылар одағы жылды қорытындылады

AstanaTV
22.12.2025ж. 19:00
Жазушылар одағы жылды қорытындылады

Қазақстан Жазушылар одағы жыл қорытындысын шығарды. Жаңа  кітаптардың тұсауы кесілді. Атап айтқанда, «Түркі әлемінің әдебиеті» жобасы аясында 4 кітап, мемлекеттік бағдарлама бойынша Қадыр Мырза Әлі мен Тұманбай Молдағалиевтің еңбектері және жас қаламгерлердің 20 жаңа кітабы оқырманға жол тартты. Жиынға белгілі ақын-жазушылар, әдебиеттанушылар мен зиялы қауым өкілдері қатысып, отандық әдебиеттің даму бағыттары талқыланды.

МЕРЕКЕ ҚҰЛКЕНОВ, ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Қазақ поэзиясының үш алыбы биыл 90-ға келіп жатыр. Ол Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев, Жұмекен Нәжмиденов. Бүгін Қадыр Мырзалиевтің «Иірім» деген кітабын, Тұманбай Молдағалиевтың жыр жинағының тұсауын кесеміз.

Қазақстанның әдеби танымдық понараммасы жобасы аясында қаламгерлер 20 өңірге экспедицияға шығып, еліміз жайлы жаңа шығармалар жазып шықты.

АЛМАЗ МЫРЗАХМЕТ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ КІТАП ІСІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Биылда әр өңіріміз туралы 20 жаңа туынды жарық көрді. 20 мың данамен жарық көріп, еліміздің кітапханаларына таратылды. Бұл жас қаламгерлерді қолдау мақсатында жасалған жұмысымыздың бірі болатын.