Қазақстанның «жыл адамы» – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев. Назарбаев университеті жанындағы ұлттық талдау орталығы жүргізген сауалнама қорытындысын жариялады. 2025 жылы ел ішінде қызу талқыға түскен танымал тұлғалар тізімінде «Қайрат» футбол клубының ойыншылары да көш басында. Көпшілік одан кейін Геннадий Головкин мен Димаш Құдайбергенге дауыс берген. Жыл үздіктерінің қатарында қызмет барысында көз жұмған фельдшер Ұлдана Мырзуан мен Алматы әуежайында кепілдегі әйелді құтқарған Мұса Әбдірайым де бар. Жыл сөзі номинациясында «даму, цифрландыру және жасанды интеллект» сөздері тренд деп танылды. Бұл биылғы жылдың Қазақстан үшін технологиялық сипатта болғанын көрсетеді. Ал жаңа жылқы жылын қазақстандықтардың 89 проценті үйде отбасымен қарсы алуды жоспарлап отыр.
БЛИЦ:
- Жаңа жылды Семей қаласында қарсы аламыз. Күшті аурамен. Отбасымызбен, достарымызбен.
- Ең жақын адамдарымызбен. Ол біздің туыстарымыз, достарымыз, көрші-қолаң.
- Нағашылар.
- Универде қарсы аламыз. 31-і сессия тапсырып, сосын үйде отбасымызбен қарсы аламыз деп отырық.
- Дома с братом.
- Негізі Алматыда өткізетін шығармын мен отбасыммен, достарыммен.
- Үйде. Отбасымызбен.