$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Астанада робототехника бойынша оқушылар арасында қалалық чемпионат өтті

AstanaTV
22.12.2025ж. 19:00
Астанада робототехника бойынша оқушылар арасында қалалық чемпионат өтті

Астанада робототехника бойынша оқушылар арасында қалалық чемпионат өтті. Сайысқа елорданың мектептерінен іріктелген 8-17 жас аралығындағы болашақ инженерлер қатысып, өзара бақ сынады. Байқауда оқушылар 3D басып шығару, роботтарды модельдеу және қолмен басқару арқылы жекпе-жек форматында сынға түсті. Бұл жоба қатысушылардың топтық және жеке жұмыс жасау дағдыларын, техникалық ойлау қабілетін және жылдам шешім қабылдау мүмкіндіктерін дамытуға бағытталған.

НАҒАШЫБАЙ САМРАТОВ, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:

Жарысқа 5 категория шығардық. 1-11 сыныпқа дейін жалғастырып, балалар қатысады. Келесі жылы республикада өткіземіз.

ӘЛИ АХМЕТБЕК, ҚАТЫСУШЫ:

Робота техника жарысына қатысып жатырмын. Мынау жерде роботтарды құрастыру керек. Заттар өзі алатын робот құрастырып жатырмын.