$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Алматыда 250 спортшы джиу-джитсудан «QTT Open» ашық турнирінде жарысқа түсті

22.12.2025ж. 19:00
Алматыда 250 спортшы джиу-джитсудан «QTT Open» ашық турнирінде жарысқа түсті

Алматыда жас спортшылар джиу-джитсудан «QTT Open» ашық турнирінде жарысқа түсті. Балалар арасындағы байқау «Қазақстан Топ Тим» академиясының 10 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылды. Турнирге Қырғызстан, Өзбекстан, Біріккен Араб әмірліктерінен спортшылар қатысты.

НҰРСҰЛТАН ОРЫНБАСАРОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Джиу-джитсу спорты қазіргі уақытта біздің елімізде өте қарқынды дамып жатыр. Әлемдік деңгейде дамып жатыр. Біздің ұлттық құрама спортшылары әлемдік деңгейде үлкен жетістіктерге жетіп жатыр. Джиу-джитсу спорты осындан 10 жыл бұрын енді ғана дамып бастаған кезде «Қазақстан Top Team» академиясы құрылып, осы джиу-джитсудың дамуына үлкен серпін берген.

Сайыста 250 спортшы бақ сынады. Турнир джиу-джитсудың халықаралық ережелеріне сай өткізілді. 4 пен 15 жас аралығындағы жеткіншектер әртүрлі салмақ бойынша жекпе-жекке шықты. Жеңімпаздарға арнайы төсбелгі мен жүлделі сыйлықтар табысталды.  

ҚУАТ САҒИЕВ, ҚР ДЖИУ-ДЖИТСУ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Біздің де балалар өнер көрсетіп жатыр. Оларға міне мынандай «Қазақстан Top Team 10 жыл» деген осындай керемет бір медаль беріліп жатр.