Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Жылу құбыры жарылған павлодардық зообақта 40 хайуанның екеуі аман қалған

AstanaTV
20.12.2017ж. 20:00
2755
Жылу құбыры жарылған павлодардық зообақта 40 хайуанның екеуі аман қалған

Павлодардағы зообақта жылу құбыры жарылып, 40-қа жуық хайуан қырылды. Тек жылан мен кесіртке ғана тірі қалған. Полицейлер бұл оқиғаға қатысты тексеру жұмыстарын бастады. Бір-ақ күнде сүйікті кәсібі мен бауыр басқан жануарларынан көз жазып қалған кәсіпкер шарасыз күйге түсті. Ол енді ғимарат иесімен соттасуға әзірленіп жатыр.

Әсемгүл Мұхитқызы, тілші:

Бір жарым ай бойы бұл зообақ Павлодар тұрғындарының сүйікті орындарының біріне айналған. Мекеме қожайының айтуынша, бұл жерде балалармен қоса, үлкендер жағы да қуанышқа бөленген. Алайда, осыдан үш күн бұрын жылу құбырында болған жарылыстан барлық жануарлар түгел қырылып қалған. Байқағанымыздай, жылу құбыры кәдімгі пластиктен жасалған.

Әлеуметтік желіде әп-сәтте тараған бұл видеода Ольга Горбикова тап болған қайғысымен бөлісуде. Айтуынша, әдеттегідей жұмысына келген ол сұмдық көріністің үстінен түскен. Бөлмедегі жылу құбыры жарылып, хайуандар түгел қырылған. Жердегілер қайнаған суда күйіп өлсе, торда тұрғандар ыстық будан тұншығып қалған,-дейді қамыққан әйел. Коммуналдық апаттан кесіртке мен жылан ғана аман қалыпты. Кәсіпкердің сөзінше, құбыр осымен төртінші рет жарылып отыр.

В этом месте у нас произошел первый порыв. Залило игровую зону. Мы быстро среагировали, приехали, заделали. Стали поднимать разговор, что нужно менять всю полностью систему отопления. На что хозяин помещения не отреагировал. 

Павлодарда үш байланысты зообақ бар. Соның бірі осы мекеме. Мұнда экзотикалық аңдар мен жәндіктің 40-тан астам түрі мекендеген. Ольга Горбикова "бұл бизнес қана емес, жүректің қалауы еді" дейді. Адамның салғырттығынан болған жайтқа кінәлі адам жазалануы тиіс деп бекінген әйел ғимарат иесімен соттасуға әзір. Материалдық шығынды да есептеп қойған.

Ольга Горбикова, зообақтың қожайыны:

Шығын 1 жарым млн-ды құрайды. Бұл жерде мен құрал-жабдыққа келген залалды есептеген жоқпын. Бәрі су тиіп, қопсып қалған. Енді қолдануға жарамсыз. Оның шығыны да қомақты. Шамамен 500 мың теңге болуы мүмкін. Жылу құбыры жарылған павлодардық зообақта 40 хайуанның екеуі аман қалған.

Ғимарат қожайынына бірнеше рет хабарласқан Ольга Горбикова мардымды жауап ала алмапты. Оқиға болған күні келіп кеткен, «өкінішті» деумен ғана шектелді,-дейді кәсіпкер. Бұл жайтқа қатысты полицейлер тексеру жұмыстарын бастаған. Соның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Баян Мағзұмова, Павлодар облыстық ІІД баспасөз хатшысы:

Нәтижесі қылмыстық іс бола ма немесе әкімшілік өндіріс бола ма, немесе қылмыстық не әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды ма, сол қазір анықталып жатыр.

Экзотикалық жануарларға арналған зообақ 2015 жылы ашылған. "Мамандығым зоотехник болғандықтан, мұндай бақ ашу көңілімнен шықты",- деген кәсіпкер сүйікті ісімен болашақта да айналысуды жоспарлап отыр.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ