Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Алматы және Астана қалаларында полицейлер бірнеше күдіктіні ұстады. Тінту барысында есірткі заттары сақталған жасырын орындар анықталып, сондай-ақ қомақты ақшалай қаражат тәркіленді.
Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған есірткі құралдарының жалпы салмағы 16 келіден асады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.