$541.34 €640.73 ₽6.53
×

2026 жылдан бастап стационарларды жаңарту шеңберінде 48 жаңа бейінді бөлімше құрылады

22.12.2025ж. 18:00
2026 жылдан бастап стационарларды жаңарту шеңберінде 48 жаңа бейінді бөлімше құрылады
фото: pixabay

2026 жылдан бастап Қазақстанда мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мақсатында облыстық стационарларда бейінді бөлімшелер ашылады.

2026-2028 жылдардың ішінде еліміздің 17 өңірінде барынша талап етілетін:кардиология, гастроэнтерология, пульмонология, эндокринология, ревматология және гематология сияқты бағыттар бойынша көмек көрсетуге бағдарланған 48 жаңа бейінді бөлімше құрылатын болады.

Барлығы 906, оның 400-ге жуығы балаларға арналған төсек ашу жоспарлануда, бұл ересектер мен балалар үшін мамандандырылған көмекке қолжетімділікті едәуір кеңейтуге мүмкіндік береді.

2026 жылы мамандандырылған медициналық көмекке қажеттілігі жоғары өңірлерде - Ұлытау, Қызылорда, Қостанай және Жетісу облыстарында 25 бейінді бөлімше жұмысын бастау жоспарлануда.

Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігі бейінді қызметтердің қаржылық тұрақтылығын нығайту жөнінде шаралар қабылдауда. Ағымдағы жылы медициналық көмек көрсету тарифтерін:
* пульмонология бойынша — 75%-ға;
* ревматология бойынша — 24%-ға көтеру туралы шешім қабылданды.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап тағы:кардиология, нефрология, гастроэнтерология, эндокринология сияқты төрт негізгі ересектер мен балалар бейіні бойынша тарифтерді шамамен 50%-ға көтеру жоспарлануда.
Осы шараларды іске асыру:
* мамандандырылған медициналық көмектің сапасын арттыруға;
* бейінді бөлімшелерді қаржыландыруды жақсартуға;
* медицина қызметкерлерінің уәждемесін күшейтуге;
* жалпы облыстық стационарлар деңгейінде терапиялық буынды нығайтуға мүмкіндік берді.

2026 жылы стационарлық медициналық көмекті қаржыландыру 8%-ға ұлғайтылады және шамамен 700 млрд теңгені құрайды.

Осылайша, ересектер мен балаларға арналған облыстық стационарларды жаңарту шеңберінде халықтың нақты қажеттіліктеріне бағдарланған өңірлерде уақтылы, сапалы және қолжетімді медициналық көмек алу үшін жағдайлар жасалады.