$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Шағын бизнестен түсетін барлық салық түсімдері әкімдіктердің иелігінде қалады – О. Бектенов

23.12.2025ж. 11:31
Шағын бизнестен түсетін барлық салық түсімдері әкімдіктердің иелігінде қалады – О. Бектенов
Фото: Үкімет

Премьер-министр Олжас Бектенов ШОБ-ты қолдау үшін «Іскер аймақ» бірыңғай бағдарламасының жобасын қарау кезінде жаңа Бюджет кодексіне сәйкес шағын бизнестен түсетін барлық салық түсімдері әкімдіктердің иелігінде қалатынын атап өтті.

«Жаңа Бюджет кодексі шағын бизнестен түсетін барлық салық түсімдерін әкімдіктердің иелігінде қалдыруды көздейді. Енді әкімдер әрбір кәсіпкердің табысқа жетуіне мүдделі болады, өйткені ол жергілікті бюджет кірістерінің өсуіне тікелей ықпал етеді»,— деді Олжас Бектенов.