$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Алматыда Асанәлі Әшімовті соңғы сапарға шығарып салу рәсімі өтті

23.12.2025ж. 12:33
Алматыда Асанәлі Әшімовті соңғы сапарға шығарып салу рәсімі өтті
Фото: Stan.kz

Асанәлі Әшімовті соңғы сапарға шығарып салу рәсімі өтіп жатыр, деп хабарлайды Astana TV Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Рәсім Алматыдағы Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театрында ұйымдастырылған. Жиынға мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Мәдениет министрі Аида Балаева мен қала әкімі Дархан Сатыбалды арнайы келді.

 

“Құдайға шүкір мақтанып айтатын, нар тұлғалы ағаларымыз осы залда да отыр. Асанәлі атамыз солардың алды болған еді. Өзі асқақ, ақсар еді. Өзі де ірі, сөзі де ірі, ісі де ірі болатын. Осындай нар тұлғалардан үлгі алып, біз де ірі болайық. Алып тұлғалардың лайықты жалғасы болайық. Бір болайық биік болайық. Асанәлі ағамыздың жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын!”, – деді Ерлан Қарин. 

 

Жазушы Смағұл Елубай да Асанәлі Әшімовтың халқына сіңірген еңбегі зор екенін алға тартты. 

 

“Ол батырлардың бейнесін сомдады. Сол батырлар арқылы бізді тәрбиеледі. Сол фильмдердегі Асанәлі сомдаған бейнелер арқылы біз тәрбие алдық қалыптастық. Сондай батыр болғымыз келді және Қазақстан тәуелсіз болса екен дедік. Асанәлідей алып тұлғаның халқына сіңірген еңбегі осы деп білемін. Жатқан жері жарық болғай, топырағы тоқа болғай ағамыздың. Алла алдынан жарылқап, жаны жәнната болсын”, – деді Смағұл Елубай.