$541.34 €640.73 ₽6.53
×

АҚШ Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа сый-сияпат жолдады

23.12.2025ж. 14:38
АҚШ Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа сый-сияпат жолдады
Фото: Руслан Желдібай

АҚШ Президенті Дональд Трамп Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа арнайы сый-сияпат жолдады. Бұл туралы Мемлекет басшысының көмекшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.

АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Мағжан Ілиясовпен өткен қысқаша әңгіме барысында биыл қараша айындағы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен болған кездесуі туралы әсерімен бөлісті. Әңгіме сенім грамоталарын тапсыру рәсімінен кейін өтті. АҚШ басшысы Қазақстан Президентіне жылы лебізін жолдап, оған деген құрметін атап өтті. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевты «керемет адам әрі халықаралық үдерістерді терең әрі байыппен түсінетін тәжірибелі мемлекет қайраткері» деп сипаттады. Сонымен қатар Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірнеше сыйлық жолдады. Олардың қатарында Ақ үйдің символикалық кілті және өзінің қолтаңбасы қойылған бейсболка бар.