$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қазақстан экономикасының драйвері – мұнай-газ

Қазақстан экономикасының драйвері – мұнай-газ

Қазақстан экономикасының 2025 жылғы драйвері  мұнай өндірісі болып қалды. Тау-кен өнеркәсібі биыл 9,7 процентке өскен. Оның құрамында мұнайдың үлесі - 68 процент. Мемлекет мұнай-газ секторын инвестициялауды жалғастырады. Бірақ басым бағыт жыл өткен сайын өңдеу өнеркәсібіне ойыспақ. Қазақстанның экономиканы әртараптандыру бойынша қадамдары қандай нәтиже көрсетті? Тілші Айсәуле Съезбек тарқатады.

Биыл Қазақстан экономикасы 6,4 процентке өсті. Ішкі жалпы өнім 300 млрд доллардан асып отыр. Бұл – соңғы 10 жылдағы ең жоғарғы тарихи көрсеткіш.  Мұндай нәтиженің артында экономиканы диверсификациялау қадамдары жатыр. Қазақстан мұнайға иек артып отыра бермей, өңдеу өнеркәсібіне ден қойды. Биылдың өзінде шикізаттық емес экпорт  2 есе көбейді.  Шетел сөрелеріне тауарын өткізетін кәсіпорындар саны 3 есе артқан.  Отандық өнім 140 мемлекетке шығарылады.

САПАРБАЙ ЖҰБАЕВ, ЭКОНОМИСТ:

Соңғы жылдары бізде негізгі капиталға салынған  инвестиция көлемі 14-тен 16 триллионға дейін баратын. Биыл  18,5 трлн теңгеге жетті. Бұл -өте жақсы нәтиже. Және келешекте капиталдың  негізгі бөлігін қамтамасыз етеді деп ойлаймын. Мен біздің экономикамыз қарқынды өсіп,  2029 жылға қарай ішкі жалпы өнім 450 миллиард доллар болады деп үміттенемін. Сонда Польша, Венгрия, Словакия сияқты Шығыс Еуропа елдерінің деңгейіне жетеміз.

Биыл нақты сектор 8,3 процентке өсті.  Экономиканың негізгі драйверлері – көлік қызметі,құрылыс және тау-кен өнеркәсібі. Сауда – 8,8, ауыл шаруашылығы – 6,1, өңдеу өнеркәсібі 5,9 процентке көп пайда әкелді.

БАУЫРЖАН ЫСҚАҚ, ЭКОНОМИСТ:

Біз осы 2025-те  салынған алғашқы қадамдар болашақта бізді мұнайдан тыс дамитын мемлекетке әкеледі деп сенім білдіремін. Неге? Өйткені биылғы жылы президенттің АҚШ 450 млрд доллар инвестиция тартуға байланысты. Оның да басым бөлігі өңдеуші салаға кетуі. Сол сияқты басқа да әлемнің дамыған мемлекеттерімен инвестициялық бағыттарды біз өзіміздің өңдеуші салаға қарай бағыттап жатырмыз. +Кәсіп ашам деген азаматтарға бизнес субъектілеріне салық кодексінде жақсы жағдайлар қарастырылған. Егерде сен өңдеу өнеркәсібімен және де импортты алмастыратын тауар шығаратын болсаң, саған жақсы салықтық жеңілдіктер бар.

Экономиканы ілгерлететін үшінші іргелі өзгеріс – банктердің несиелік портфелі. Енді тұтынушылық несие қымбаттап, бизнесті қолдауға корпоративтік қарыз  көбірек беріледі. Қазақстан экономикасындағы кәсіпкерліктің үлесі қазір - 40 процентке жетті. Еңбекке жарамды халықтың жартысынан көбі, яғни, 4,5 млны – бизнесмен.  Сондықтан азаматтардың нақты табыс табуына жағдай жасауды Президент Үкіметке міндеттеп отыр.