$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Парламенттік реформа саяси жүйенің маңызын арттырады

AstanaTV
23.12.2025ж. 19:00
Парламенттік реформа саяси жүйенің маңызын арттырады

Президенттің бір палаталы Парламентке көшу туралы бас­тамасы саяси жүйенің  институционалды базасын нығайтуды көздейді. Әрі қоғамның сұранысы мен заман талабына сай саяси реформалардың жүйелі жалғасы. Саясаттанушы Аман Мәмбітәлі осылай дейді. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында саяси жүйенің ауқымды реформасы туралы бастама көтерді. Бұл реформа Қазақстанның саяси жаңғыруының келесі кезеңі ретінде қарастырылады және «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласын нығайтуға бағытталған.

АМАН МӘМБІТӘЛІ, САЯСАТТАНУШЫ:

Президенттің бір палаталы Парламентке көшу туралы бас­тамасы саяси жүйенің институционалды базасын нығайтуды көздейді.Елдің болашағына тікелей әсер ететін мұндай маңызды  институционалдық өзгерістерді  жалпыұлттық референдум арқылы шешуі тиіс.