Алматы жұрты КСРО Халық әртісі, кино және театр өнерінің абызы, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімовті ақтық сапарға шығарып салды. Аңыз адаммен қоштасу рәсімі Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театрында өтті. Қаралы жиынға келгендер қазақ өнерінің қара нары туралы ауыр күрсініспен айтып, еске алды. Адамның қарасы көп болғаны сонша залға кіре алмай, есіктің сыртынан үнсіз ізет көрсетіп, кетіп жатқандар да бар. Қазақ киносының корифейі Асанәлі Әшімов "Кеңсай-1" зиратына жерленді.