$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ақмола облысының әкімі боксшыларға қаржылай сыйақы табыстады

23.12.2025ж. 21:21
Ақмола облысының әкімі боксшыларға қаржылай сыйақы табыстады
Фото: Ақмола облысының әкімдігі

Ақмола облысы әкімдігінде Дубай қаласында өткен бокстан әлем чемпионатының жүлдегерлеріне құрмет көрсетілді. Спортшылармен Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов кездесті, деп хабарлайды Astana TV.

Алтын медаль иегері Оразбек Асылқұлов пен қола жүлдегер атанған Теміртас Жүсіпов жоғары деңгейдегі шеберліктерін көрсетіп, Қазақстанды халықаралық аренада лайықты түрде таныта білді.

Кездесу барысында облыс әкімі спортшылардың жетістіктері тек Ақмола облысының ғана емес, бүкіл елдің мақтанышы екенін атап өтіп, олардың табыстары өскелең ұрпаққа жарқын үлгі болатынын жеткізді.

Айта кету керек, алда спортшыларды жаңа мақсаттар мен жауапты жарыстар күтіп тұр. Солардың бірі – 2026 жылы Жапонияда өтетін Жазғы Азия ойындары.

Салтанатты жиын соңында боксшыларға сертификаттар мен алғыс хаттар табысталды.