Елімізде Еңбеккерлер Ассамблеясының Бірінші республикалық форумы өтті. Форум аясында Еңбеккерлер Ассамблеясының мақсаттары мен міндеттері, олардың еңбек ортасындағы жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайтудағы рөлі талқыланды. Сондай-ақ «Әралуандықтағы бірлік» құндылықтарын ілгерілетуге бағытталған бастамаларды іске асыру тәжірибесіне ерекше назар аударылды. Форум еңбек ұжымдары арасындағы ынтымақтастықты күшейтіп, қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді дамытуға өз үлесін қосты.
ХАСАН ШАРИПОВ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Бүгінгі форум Қазақстан Халқыассамблеясының 30 жылдығына арналған. Осы жолы кәсіпкерлер меморандумға қол қойып жатыр.
АБДУЛХОШИМ БОЕВ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ, ЖШС ДИРЕКТОРЫ:
Бізде 200-ден аса адам жұмыс істейді. Оның ішінде қазақ, өзбек, тәжік, әзірбайджан, орыс азаматтары бірлесе жұмыс істейді. Жұмысымызда татулық, бірлік бар.