Оралда Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай әскери-патриоттық форум өтті. Жиналғандар Момышұлының өмір жолы баяндалған театрландырылған қойылымды тамашалады. Батырдың ерлігінен шабыт алған жас сарбаздар бұдан кейін қоян-қолтық айқасты қаншалықты меңгергенін көрсетті. Форумды ұйымдастырған AMANAT партиясының мүшелері Бауыржан Момышұлының ерлікке толы өмірі мен ерлігін насихаттауды мақсат еттік дейді. Тіпті осы шараға орай облыстың әр түкпірінен Бауыржан есімді 115 азаматты іріктеп алған. Барлығы- өз саласында білімімен, іскерлігімен көзге түскен жан. Арасында оқушылар да, әскерилер де, қала берді кәсіпкерлер мен дәрігер, мұғалімдер де бар. Олар қоғам алдындағы өнегелі еңбегі үшін марапатталды.
МҰРАТ МҰҚАЕВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ БҚОФ ТӨРАҒАСЫ:
Шараның басты мақсаты - AMANAT партиясының ұйымдастыруымен "Болмыс пен биіктік" атты Бауыржан Момышұлының ерлігіне тағзым. Бүгінгі таңда біз Батыс Қазақстан облысындағы белгілі Бауыржандардың барлығын жинағанбыз осы жерге. Біздің батыр бабамыз Бауыржан Момышұлының ерлігін насихаттау. сол кісінің салған сара жолын осы ары қарай жас ұрпақ жалғастыру мақсатында бүгінгі шараны ұйымдастырдық.