$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Оралда қоғамдық орында тәртіп бұзатындар көбейген

24.12.2025ж. 19:00
Оралда қоғамдық орында тәртіп бұзатындар көбейген

Оралда қоғамдық орында тәртіп бұзатындар  азаяр емес. Былтыр осындай бұзақылық жасағаны үшін 688 азамат жауапқа тартылса, биыл ол тағы   100 адамға көбейген. Елдің тыныштығын алғандар көбіне мас күйде тәртіп бұзады дейді сақшылар. Отбасының берекесін алып, жауапқа тартылғандардың дені қоғамдық жұмысқа жегіліп, көше сыпырып жүр. Бұл мәселе Президент Жолдауында айтылған еді. Мемлекет басшысы заң және тәртіп қағидасын орнықтырғанда ғана елімізде зорлық-зомбылыққа қарсы ұстаным қалыптасарын баса айтты. Өйткені бұл - өркениетті қоғамға жараспайтын қылық әрі еліміздің халықаралық қоғамдастықтағы беделіне зиян келтіреді.

ТІЛЕКТЕС ҚАЖКЕЕВ, БҚО ПД ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

Қоғамдық жерде тәртіп сақтау және айналасындағыларды сыйлай әр азаматтың құқығы болып есептеледі және парызы. Егер де бұл парыздарын орындамаған жағдайда заңмен жауапкершілік көзделген. Сондықтан осындай келеңсіздіктер орын алмау мақсатында оқу орындарында студенттермен, мекеме-кәсіпорындарда қызметкерлермен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Әрбір азамат адам үйде де, түзде де тәртіпті сақтауға міндетті.