$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қызылжарда теміржолдың үстінен салынып жатқан алып көпір құрылысы кешігіп жатыр

Қызылжарда теміржолдың үстінен салынып жатқан алып көпір құрылысы кешігіп жатыр

Қызылжарда теміржолдың үстінен салынып жатқан алып көпір биыл да пайдалануға берілмейді.  Құрылыс 2023 жылы басталған. Ірі жобаға бюджеттен бақандай 5 миллиард теңге бөлінді. Өткел биыл күзде ашылуы тиіс еді. Алайда, бас мердігер жұмысты сағызша созып жіберген.  Сондықтан жергілікті билік онымен келісім-шартты бұзбақшы. Ал тұрғындар жаңа нысанның тапсырылуын тағатсыздана күтіп жүр. Себебі, ескі көпір апатты жағдайда. 

АЛЕКСАНДР ПОНОМАРЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Мердігер жұмыстарды бастап, орта жолдан тастап кеткен. Енді кесірі халыққа тиіп жатыр. Қазір жаңа көпір де бірнеше жылдан кейін апатты болса таңғалмаймыз. Жаз бойы түк бітірген жоқ. Жүргізген жұмыстары шала.

Бүгінде көпірдің құрылысы шамамен 80 пайыз біткен, дейді сала мамандары. Айтуларынша, нысан келер жылы қолданысқа беріледі.  

БЕРДІМҰРАТ БАЙМҰҚАН, ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

2025 жылдың қазан айында жаңа мердігер таңдалды. Қазір құрылысты басқа компания жалғастырып жатыр. Объектіні 2026 жылдың жазында аяқтап, пайдалануға беру жоспарланған. Құрылыс аясында универсальная мен Кошевой көшелері ретке келтіріліп, жаңа аялдамалар орнатылады. Маршрут жүйесі жаңартылады. Бұл жұмыстардың басым бөлігі жылы кезде жасалуы керек.