Қазақстанда биыл 15 адам пойыз астына түсіп, көз жұмған. Мамандардың пікірінше, бұған адамдардың немқұрайлығы себеп. Өйткені, теміржолды белгіленбеген жерден кесіп өтіп, жазым болғандар көп.
Павлодар облысы Ақсу қаласының іргесіндегі Черемушка ауылының тұрғындары жұмысқа, оқуға бару үшін жүк вагондары мен пойыздың астынан өтуге мәжбүр. Мұнда жаяу жүргіншілерге арналған теміржол өткелі жоқ.
ҚАЙРАТ ЖАҚЫПОВ, ЧЕРЕМУШКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Астынан жүреміз вагонның үстінен жүреміз. Вагондар жүріп жатады. Жұмыстан қалып бара жатасың, ол кезде өте алмай қаласың.
Елдімекенде мектепте те жоқ. Сол себепті оқушылар да сабаққа бару үшін теміржолды кесіп өтеді.
ӘЛИЯ ЖАНДЕКЕНОВА, ЧЕРЕМУШКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Балалар да, бізде пойыздың астымен өтетін боламыз. Неге? Өйткені діттеген жеріне жету үшін сол уақытқа дейін сол пойыз арқылы өтуге тура келеді.
Заң бойынша теміржолды белгіленбеген жерден кесіп өтуге болмайды. Тіпті, сол үшін тұрғындарға айыппұл салынған.
ТАЛҒАТ БОТАБАЕВ, «АҚСУ» СТАНЦИЯСЫНЫҢ ЖОЛ ШЕБЕРІ:
Желілік полиция қызметкерлерімен қоса шығып, түсініктеме жұмыстарын жүргіземіз. Өте қауіпті мынау расында. Астынан өтіп жатады. Ұстап алып жатамыз.
Ақсу қаласының әкімдігі мәселені шешуге қаржы қолбайлау болып тұрғанын айтады.
ЭЛЬМИРА САПАРҒАЛИЕВА, АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
2024 жылы мемлекеттік зерттеуден өтті. Былтыр жіберілді облыстық құрылыс басқармасына. Бірақ, өкінішке орай қабылданған жоқ. Биыл тағы жібереміз. Жобаның құны 1 млрд. асады. Жергілікті органдардан ондай қаражат бөлінбейді өкінішке орай.
Биыл елімізде 34 адамды пойыз қағып кеткен. 15-і сол жерде тілге келместен көз жұмса, 19 адам жарақат алған.
ЖАНАТ ҚАШҚЫНБАЕВ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ “МАГИСТРАЛЬДЫ ЖЕЛІ ДИРЕКЦИЯСЫ” ФИЛИАЛЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
Зардап шеккендердің үшеуі жасөспірім толмаған адамдар. Оқиғалардың негізгі үлесіні азаматтардың теміржол көлігі объектісінде болу ережелерін бұзған жағдайлар құрайды.
Биыл 1570 рейд ұйымдастырылған. Ережеге бағынбаған 39 адам айыппұл арқалады.
ЕРДЕН АБДУЛЛИН, «ПАВЛОДАР» СТАНЦИЯСЫНДАҒЫ КӨЛІКТЕГІ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫ ОРЫНБАСАРЫ:
Теміржол бойында белгіленбеген жерден өткен азаматқа Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 5 бөлігі 559 бабы бойынша ең біріншіде ескерту салынады. Екіншіде 3 АЕК көлемінде айыпұл салынып, келесі де айыппұл мөлшері өседі.
Мамандар арнайы белгіленген өткелдерден ғана өтуге кеңес береді. Бұл- өзіңіздің және жақындарыңыздың жауапгершілігі.