Көріктілердің саяси белсенділігі өңірдегі көптеген түйткілдің түйінін шешуге түрткі болып отыр.Қостанайда «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясы мен Әйелдер қанатының бірлескен отырысы өтті. Жергілікті мәслихат депутатының 70 пайызы- «AMANAT» партиясының фракциясының мүшесі.Партия өкілдері өңірдегі өзекті мәселелерді жиі көтеріп, жыл бойы жүздеген депуттатық сауал жолдаған. Партия көтерген проблеманың 60 проценті оң шешімін тапты.Бұл тұрғыда Әйелдер қанаты да белсенді жұмыс істеп жатыр. Олар әйелдердің өңірлік саясаттағы рөлін арттырып, гендерлік теңдікті және мемлекеттік қолдау шараларын нығайту жолында тер төкті.Отбасы институтын дамыту мәселелерін қамтыды.Сапалы медициналық көмек, мүмкіндігі шектеулі әйелдерге білім беру, жұмыспен қамту бағытында ауқымды жұмыс атқарды. Іс-шара аясында партия бастамаларына белсенді атсалысқан қыз-келіншектер марапатталып, жаңа мүшелер қатарға қабылданды.
АЛМАТ ДОСМҰХАМЕДОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Партия жанындағы әйелдер қанаты өте нәтижелі жұмыс істеп келеді.Мәселен «Таңшолпан» жобасы әйелдер кадрлық резервін қалыптастыруда.Оларды мәслихат пен мәжіліс мінберіне дайындап жатыр.Оқудан өткен қыз-келіншектер өз жобаларын дайындау үстінде.Ендігі кезекте жергілікті атқарушы биліктегі лауазымды қызметтерге ұсынамыз.Партия арқылы оңынан шешілген проблемаларға осы әйелдер қанатының да қосқан үлесі қомақты.