$541.34 €640.73 ₽6.53
×

«Ауыл аманаты» жобасы аясында 3 жылда 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

«Ауыл аманаты» жобасы аясында 3 жылда 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

«AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» жобасы ауыл халқының табысын арттырудың және тұрақты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етудің тиімді тетігіне айналды.  Былтыр 13,1 млрд теңге игерілсе, биыл 50 млрд теңге бөлінген. Алдағы 3 жылда ауылдағы кәсіпкерлікті  қолдау одан әрі күшейтілмек. Бағдарламаның шарапатын қызылордалықтар да көріп отыр. Отбасылық бизнестерін дамытып, ауылдастарын жұмыспен де қамтыған. 

Гүлжан Ахметова қала іргесіндегі Талсуат елдімекенінде тұрады. Ол бала күнінен қолына ине ұстап, тігінге құмар болғанын айтады. Өсе келе өнерін жандандыруды мақсат еткен. Оны жүзеге асыруға «Ауыл аманаты» жобасы сеп болыпты. Бағдарлама аясында төмен пайызбен 7 млн теңге теңге нисие алған. 6 баланың анасы бүгінде тапсырыстар қабылдап, шағын цехта өз кәсібін дөңгелетіп отыр.

ГҮЛЖАН АХМЕТОВА, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР:

Арнайы тігін машиналары, зигзак, түйме салатын, арнайы электронды түрде жүргізілген, автоматты түрде. Сосын вышивалка машинасын алдым. Бұл машинамен арнайы заказдар қадбылдап жатырмыз. Сонымен қатар көрпе-төсектер тігіп жатырмыз. Болашақ жоспарым осы жерді кеңейту бірінші мақсатым. Сосын жұмысшылар алу.

Өңірде былтыр  2,5 млрд теңгеге 376 жоба қаржыландырылған. Биыл бұл көрсеткіш 5,5 млрд теңгеге өсіп, 443 бастама жүзеге асырылды.  Оның дені ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, егін, мал шаруашылығын дамыту, түрлі техникалар сатып алу мақсатында қолдау алған.

ЖАНДОС БАЗАРТАЙ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Кәсіпкерлікті дамыту арқылы тағы да қосымша адамдарды жұмысқа алуға мүмкіндік пайда болады. Бұл жан-жақты мемлекеттік деңгейдегі көптеген проблемаларды шешуге жол ашады. Сондықтан «Ауыл аманаты» жобасын дамыту, қолдау, оны жүзеге асыру, сонымен қатар беріліп жатқан жобаларды қатаң бақылауға алу мәселесі бұл партияның басты назарында.

Елімізде «Ауыл аманаты» бағдарламасы басталған 3 жыл ішінде 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылған. Нәтижелі бастама алдағы уақытта да жалғасын табады. 2026-2028 жылдарға тың жобаларды қаржыландыруға 450 млрд теңге бөлу жоспарлануда.