$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Атырау облысында биыл 60 көшеге соғыс ардагерлерінің есімі берілді

Атырау облысында биыл 60 көшеге соғыс ардагерлерінің есімі берілді

Атырау облысында биыл  60 көшеге соғыс ардагерлерінің есімі берілді. Оның 25-і Атырау қаласында. Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында еліміз бойынша 500-ден аса көше  майдангерлер есімімен атау мақұлданған. Ел басына қауіп төнген шақта оқ пен оттың ортасында жан аямай күрескен жауынгерлер рухына тағзым етіп,  есімдерін ұрпақ жадында қалдыру үшін мақсатында мұндай шара еліміздің түкпір-түкпірінде қолға алынған.  Айта кетейік, аймақта Отан соғысына қатысушыларға арналған 80-ге тарта обелиск пен мүсін бар.  Оның 34-і  мемлекеттік тізімге енгізілген.

ЗАМАНБЕК ШАКИРОВ, ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

Барлық соғыс ардагерлеріне бірдей беріле бермейді.  Оның да тиісті растаушы негіздейтін  құжаттары боулы тиіс. Яғни бұл жерде  министрілктің тапсырмасына сәйкес, қойылған басты талап, соғыс орденінің болуы. 60 адамның барлығында соғыс ордені бар. Жалпы алғанда, Атырау облысының онамастикалық ахуалы тұрақты. Соғыс ардагерлерінің есімдері жеткілікті деңгейде ұлықтанып, негізделді деуге болады.