$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі, күйші-композитор С.Тұрысбектің «Көңіл толқыны» атты шығармашылық кеші өтті

AstanaTV
24.12.2025ж. 19:00
Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі, күйші-композитор С.Тұрысбектің «Көңіл толқыны» атты шығармашылық кеші өтті

Астанада Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі, күйші-композитор Секен Тұрысбектің «Көңіл толқыны» атты шығармашылық кеші өтті. "Көңіл толқыны"-бұл-композитордың басты туындысы.  Секен Тұрысбек өзі негізін қалаған «Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркестрінің қолдауымен  халық сүйіп тыңдайтын  «Ұлы дала»,   «Ақ жауын», «Ару ана», «Күлтегін», «Қоңырқаз» атты әндері мен күйлерін көрерменге тарту етті. Композитордың шығармашылық жолында 20-дан аса күйі мен онға жуық әні бар. 

СЕКЕН ТҰРЫСБЕК, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ӘРТІСІ:

Жылдың соңында қорытынды өзімнің шығармашылық кешімді осы Қазақ оркестерімен Астанада бердім. Астанадағы көрермен де қазір көп өскен, тыңдаушылар мол, өнерге деген құштарлығын аңғарып отырған жайым бар.