Жаңа жыл қарсаңында «Алматыкітап баспасы» елдің 20 өңіріндегі цифрлық ресурстарға қолжетімділігі шектеулі мектептерге 1000 білім беру станциясын тарту етті. Бұл бастама шалғай аймақтардағы оқушылар үшін білімге жол ашатын ауқымды әрі маңызды сый.
"Шалғай ауылдағы, интернеті жоқ ауылдағы балалар қалай оқып жатыр? Оларға жаңа өнім жасайық деп осындай Top-Mobil станция деген өнімді ойлап шығардық. Ол үшін біз арнайы Шыңжаң қаласына барып, серіктестерді тауып, оларға идеямызды айтып, 8 айда бұл өнімді шығардық. Оның сыртын серіктесіміз, ал ішкі құрылысын «Алматыкітап баспасы» жасады. Идеяның авторы – құрылтайшы Баталова Элеонора Нығметқызы",-дейді «Алматыкітап баспасы» президенті Гаухар Саймасаева.
TopIQ-MobilBox оқу станциясы интернетсіз-ақ қазақ және орыс тілдеріндегі 395 оқулық пен көркем әдебиетті, бейне және аудиоматериалдарды, мультфильмдер мен интерактивті тапсырмаларды пайдалануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ станцияда мұғалімдерге сабақ жоспарлау мен оқу үдерісін ұйымдастыруды жеңілдететін «Qamqor» интеллектуалды көмекшісі бар.
"Бұл, әсіресе, ауыл мектептеріне, соның ішінде шағын жинақты мектептер үшін ауадай қажет. Әрине, біз осындай заманауи ресурстардың барлығына бірдей толыққанды қол жеткізе бермейміз. Бұл кітап оқудағы TopIQ-Mobil электронды оқулық жүйесін қалай қосу керегін көрдік. Тағы да әжептәуір ерекше дүниеге қол жеткіземіз деп қуанып отырмыз",- Ақмола облысы Абай атындағы орта мектеп директоры Төлеуіш Халымқызы.
Жоба Президенттің «Кітап оқитын ұлт» бастамасын қолдап, шалғайдағы мектептерді заманауи оқу ресурстарымен қамтуға бағытталған. Бұл бастама білім сапасын арттырып, оқушыларға тең мүмкіндік бермек.