$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Сенат дәрігерлерді қорғайтын заңды бірінші оқылымда мақұлдады

25.12.2025ж. 14:03
Сенат дәрігерлерді қорғайтын заңды бірінші оқылымда мақұлдады
фото: pixabay

Сенат медицина қызметкерлерінің құқығын қорғауға арналған заңды бірінші оқылымда мақұлдады. Енді дәрігерге күш қолданғандар 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бұдан былай:
Қорқытып-үркітсе – 300 сағат қоғамдық жұмыс немесе 2 жылға дейін қамау қарастырылған;
Жарақат келтірсе – 3-7 жыл;
Өміріне қауіп төндірсе – 7-12 жыл.

Сондай-ақ бүгін мұздықтарды зерттейтін орталық құру мәселесі қаралды. Онда климаттың өзгеруі мен жаһандық жылыну үдерісі зерделеніп, сел мен су тасқынының алдын алу жолдары қарастырылмақ.