$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Сенат медицина қызметкерлерін қорғайтын заңды мақұлдады

Сенат медицина қызметкерлерін қорғайтын заңды мақұлдады

Жыл басынан бері 70 дәрігер мен жедел жәрдем қызметкерлеріне шабуыл жасалды. Бес жылдағы дерек тіпті жағаны ұстады. Бірақ бұл - «айсбергтің шыңы» ғана. Өйткені дәрігерлер көбіне арыз жазбайды. Сенат медицина қызметкері мен жедел жәрдем жүргізушілерін қорғайтын заңды мақұлдады.

АЙНҰР АРҒЫНБЕКОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

2019 жылдан осы күнге дейін медицина қызметкерлеріне жасалған шабуылдардың статистикасы қорқынышты. 280 жағдай тіркелген. Бұл цифра жылдан-жылға өсіп келе жатқанын да байқауға болады. Осыған дейін, осындай жайттар тек бұзақылық бабы бойынша тергелген. Біз енгізген түзетуде енді дәрігерлер, тіпті, жедел жәрдем жүргізушілері де заңмен қорғалатын жандар ретінде ерекше айқындалады.

Енді, ақ халаттыларға күш қолдануға оқталып, бопсалағанның өзінде 200 бен 500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Одан бөлек, қоғамдық жұмысқа тартылып, 2 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал, дәрігер өміріне қауіп төндіретіндей күш қолданған жағдайда 5 жылдан 10 жылға дейін темірторға тоғытылмақ. Ал  қылмысты ауырлататын жайттар болса 12 жылға сотталады.

ТИМУР СҰЛТАНҒАЗИЕВ. ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Ішкі Істер органдары, яғни, полицейлер бір ай мерзімге дейін тергеу жүргізеді. Сол тергеу ішінде қажетті сараптама мен беттестіру жүргізіледі. Ол тек емделуші мен оның туыстары ғана емес, медициналық қызметкер де және не себепті зорлық-зомбылық көрсеткеніне де зерттеу жүргізіледі. Тек сол тексерістерден кейін ғана заң бойынша жауапкершілікке тартылады.